Домой Жаңалықтар «Орамал тақсаң, еркектер көзіңе де қарамайды»: блогер түріктердің дінге деген сыйластығы жайлы...

«Орамал тақсаң, еркектер көзіңе де қарамайды»: блогер түріктердің дінге деген сыйластығы жайлы айтты

0
1114

Атышулы ақтаулық блогер Салтанат Аманқосова Түркиядағы ерлердің әйелдерге көзқарасы екі түрлі екенін айтты. 

Бұл туралы Kznews.kz медиа порталы блогердің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл жақта қызық екен. Көшеде адам көп болған соң, адамдар қағып өтіп кетеді. Еркектер көзге де қарамайды. Ал, андай киім киіп алсаң, сені жеп қоятындай қарайды, қыз көрмегендей болып. Дінге деген сыйластықтары мықты екен», дейді блогер.

«Бір-бірімізге шарап құйғанша, бір-бірімізге орамал тағайық», дейді. Құрбыларымен Түркия еліне барған блогер, мешітке бару үшін ғана орамал таққанын жасырмады.

«Қазақтың қызына орамал жарасады. Ниет болмаса, несі жақсы», «Кеше ғана кө*ің қышынып жүр еді стриптиз билеп. Енді орамал тағып қалыпты ма, орамалды киесі болады»,  деп жазды оқырмандар.