Орамал тағатын оқушылардың әкелерін қамау керек

0

Ақтөбе әкімінің орынбасары Гүбаршын Айдарханованың айтуынша, жыл басында 43 қыз орамал таққан.

Ақтөбеде 4 қыздың орамал таққаны үшін ата-аналарын сотқа берді. Бұл жайлы Бердібек Сапарбаев қала белсенділерімен кездесуде талқылады, деп жазады stan.kz.

Ақтөбе әкімінің орынбасары Гүбаршын Айдарханованың айтуынша, жыл басында 43 қыз орамал таққан. Қазір олардың 15-і орамал тағады. Бұл 10 отбасы. Үш қыздың әкесін 3-4 күнге қамауға алды. Мектеп ережесін бұзғаны үшін 4 ата-анаға айыппұл жазылды. Басқаларына құжат жасады.

“Бұлар өте қиын отбасылар. Біз олармен жұмыс істеп жатырмыз. Үйіне барып сөйлестік. Олармен ардагерлер де сөйлесті”, – деді әкім орынбасары.

Бердібек Сапарбаев ата-аналарды біршама уақытқа қамауға алу керек екенін айтты.

“Мұндай оқушылардың әкелерін 10-25 күнге дейін қамау керек. Ойланып көрсін. Балаларының болашағын ойласын. Ең үлкен жұмыс – тәрбие беру. Ақтөбеде сәл бірнәрсе болса, бүкіл Қазақстан шулап кетеді”, – дейді Сапарбаев.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!