Оралмандарға квота 2019: үкіметтің қаулысы шықты
Қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енеді
АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Биыл оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдауға қанша өңірлік квота бөлінгені белгілі болды. Үкіметтің тиісті қаулысы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.
ҚР үкіметінің 2018 жылдың 29 желтоқсанындағы қаулысымен оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2019 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленді.
Құжатқа сәйкес, биыл оралмандарды қабылдау үшін 2 103 адамға, сондай-ақ, қоныс аударушыларды қабылдау үшін 7 771 адамға өңірлік квота бөлініп отыр.
Үкімет қаулысымен ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2019 жылдың 1 тамызына және 2020 жылдың 1 ақпанына қарай құжаттың орындалуы туралы есепті тапсыру жүктелді.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/