Оралдық келіншек желіде халыққа бар мұңын айтты

0
158

Оралдық келіншек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы жігітінің бар былығын жалпақ жұртқа жария етті. Тіпті оның суретін жариялады, деп хабарлайды kznews.kz сайты Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Жігіті келіншектің атына несие рәсімдеп, содан кейін кетіп қалған болып шықты.

«Ол қиындықтарға тап келген кезде қасында болып, әркез көмектестім. Тіпті туыстары қарайласпай жатқанда, оған менің ата-анам жәрдем берді. Сеніміме кіріп, атыма несие рәсімдеп, жоғалып кетті. Енді несиені мен кішкентай баламен отырып жабуға мәжбүрмін.

Ол 500 мың алимент төлейтінін айтады. Бірақ мен ешқандай құжат пен баланы көрген емеспін. Бала туыла салысымен Алматыға қашып кетті. Ол көптеген адамды алдаған және өзіне жаңа құрбан іздеп жүр, — деп жазды ол.