Оралдық кәсіпкерді пышақтап өлтіргендерге сот үкімі шықты

0

Оралдық кәсіпкерді тапа тал түсте көпшіліктің көз алдында пышақтап өлтірген жігіттердің екеуі де 15 жылға сотталды. Жазасын қатаң режимдегі абақтыда өтейтін олар жәбірленушінің отбасына 15 миллион теңге моральдық өтемақы төлейді, деп хабарлайды kznews.kz сайты Астана телеарнасына сілтеме жасап. 

Бірақ үкіммен сотталушылардың туыстары келіспейді. Олардың айтуынша, кәсіпкерді өлтіруге оның әйелі тапсырыс беріпті. Сондықтан сотталушылар бұл жерде орындаушы ғана. Ал істің ұйымдастырушысы тасада қалды, дейді сотталушының туысы.

Жәбірленуші болып отырған әйелі некеде емес. Оның некелі әйелі бар. Ол жәбірленуші статусын қалай алғанын түсінбейміз біздер. Сол заказ берген! «Гүлшетай» мейрамханасының артына барып, қазір мініп жүрген «Прадо» ма, сол ақ машинаның ішінде Тұрлан артында отырып телефонмен жазып отырған. Сосын берген ақшаның қайда екенін білеміз, —  дейді сотталушының туысы.

Айта кетелік, оралдық кәсіпкер Еркін Мұқанғалиевті өз кафесінде бірнеше рет пышақтап өлтірген еді. Қылмыскерлер бірнеше күннен кейін қаладағы саяжайлардың бірінде жасырынып жатқан жерінен ұсталды.