Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында жеңіске жетті

0
120

2018 жылғы 23 желтоқсан 20:38 238

Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында жеңіске жетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкіл ресейлік жарыстың екінші тобында ойнайтын «Ақжайық» бүгін «Динамо-Қазан-2» (Қазан) командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жергілікті маман Николай Шавалдин жаттықтыратын оралдық хоккейшілердің «Жастар» стадионындағы жаңа маусымдағы алғашқы матчы еді.

Бірінші таймда айдын иелері 1:0 есебімен басымдылық танытса, екінші кезеңде қарқынын үдете түсті. Қорытынды есеп – 5:1.

Осылайша «Ақжайық» 2018-2019 жылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Қазіргі кезде 3 ұпаймен оралдықтар екінші топта алтыншы орында келеді.

Ертең қос команда екінші кездесуін өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Петропавлда өткен ҚР кубогы жарысында «Ақжайық» хоккейшілерінің жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz