Оралдағы түрменің құрылысын аяқтау үшін тағы 6 млрд теңге керек

0

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев айтты.

Ол нысанның құрылысы тоқтап тұрғанын атап өтті.

«Бұрын тергеу изоляторының құрылысы басталды. Оны салуға шамамен 11 млрд теңге жұмсалды. Мәселе әлі бар, құрылыс аяқталмады. Қылмыстық іс қозғалды. Кейбір жауапты адамдар, жеке тұлғалар сотталды. Бүгінде нысан әкімдіктің балансында. Бізге оны құрылыс басқармасы тапсырды. Мен (Батыс Қазақстан облысының әкімі болып) тағайылдалғаннан кейін, яғни бір аптадан соң нысанға бардым. Құрылысты аяқтау үшін шамамен 6 млрд теңге қажет», — деді Нариман Төреғалиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, нысандағы құрылыс заттары ұрланған. Бүгінде ғимараттың құрылысын аяқтау мәселесі қаралып жатыр.