Оралда жоғалып кеткен баланың өлі денесі табылды
Оралда жоғалып кеткен 9 жасар баланың мәйіті бүгін, 6 қыркүйекте табылды, бұл туралы «Мой город» басылымы жазды.
Ескі әуежай маңында салынып жатқан үйлердің жанынан 9 жасар Нұрасылдың мәйіті табылды.
«Бала құрылыс алаңына барып, биіктіктен құлап кетуі мүмкін», — дейді Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Оралда 9 жасар баланың жоғалғаны туралы ажазған болатынбыз.
Тұрғындардың айтуынша, 5 қыркүйекте сағат 17:40 шамасында бала «Ескі әуежай» ықшамауданындағы Самал көшесі, 94-үйден шығып кеткен, содан бері қайтып келмеген. Баланың ерекше Даун синдромымен ауыратыны белгілі болған.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі баланың әлі табылмағанын, іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.