Оралда жоғалған 12 жасар бала табылды

0

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 24 желтоқсан күні сағат 19.30-да 2006 жылғы Санжар Сатаевтың анасы ұлының жоғалып кеткені жөнінде полицияға жүгінген. Қаладағы №38 орта мектептің 6-сыныбында оқитын Санжар кеше шамамен 13.30-да сабақтан кейін белгісіз бағытта кетіп қалған. Аталған дерек БҚО полиция департаментінің барлық жеке құрамына хабарланды.

«Бүгін жасөспірім табылды. Қазір анасымен бірге жүр. Оның неліктен жоғалғаны, түнде қайда болғаны анықталу үстінде», деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Наурызғалиева.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын жоғалған баланың іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.

Дереккөз: ҚазАқпарат