Оралда жоғалған 12 жасар бала іздестірілуде

2018 жылғы 25 желтоқсан 10:09 613

ОРАЛ. ҚазАқпарат — Оралда жоғалған 12 жасар бала іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оралдағы №38 орта мектептің 6-сыныбында оқитын 2006 жылғы Санжар Сатаев кеше сағат 13.30-да сабақтан шыққаннан кейін үйіне оралмаған.
Үстінде қара күртесі мен бөркі, аяқкимі де қара, қызыл сөмкесі болған. Ата-анасы содан бері таба алмай, 8-775-672-32-75 немесе 102 телефонына хабарласуын сұраған.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, қазіргі кезде баланың іздестіріліп жатқанын жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалған тағы бір баланың аман-есен табылғанын жазған болатынбыз.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz