Оралда жастар жолды не үшін жапты: БҚО бас имамы түсініктеме берді

0
3744

Кеше әлеуметтік желіде БҚО бас имамының кетуін талап еткен жастардың жолды жауып тастағаны туралы жазған болатынбыз.

Имам Бақытжан Құралбайұлы KzNews тілшісіне оқиғаның мән-жайы туралы айтып берді.

Имамның айтуынша жастардың жолды жауы түсініспеушіліктен туындаған.

«Жымпитыда жаңадан мешіт салынды. Сол себепті, 150 жылдық тарихы бар ескі мешіт тарихи ғимарат ретінде мемлекеттік меншігіне өтіп, қарауына берілді. Осы іс жергілікті жастар арасында түсініспеушілік туындатып, жаңа келген имам біздің мешітті жапты, әкімшілікке беріп жіберді деген пікірлер айтылып, кешегі оқиға орын алды» дейді БҚО бас имамы Б.Құралбайұлы.

Осы оқиға болып жатқанда имам шеткі аудандарды аралауға кеткенін, байланыстың болмай қалғанын айтты.

Белгілі заңгер Абзан Құспанның пікірінше олар жан діни ағым өкілдері. Ақтөбе-Орал жолын жауып тастаған азаматтар туралы ресми органдар әлі түсініктеме берген жоқ.