Оралда жаппай төбелес болды – видео

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

https://sputniknews.kz/images/1260/22/12602215.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/regions/20200209/12783022/Oral—tobeles-video.html

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі төбелеске қатысқандардың аты-жөні анықталып жатқанын хабарлады. Кінәлілер жауапқа тартылады

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Оралда жасөспірімдердің жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды. Видео WhatsApp арқылы таралып кетті, деп хабарлайды «Мой город».

Жасөспірімдер тұңғыш президент алаңында төбелескен. Олардың жасы — 15-16 шамасында.

Төбелеске қатысушылар екіге бөлінген. Әр жақтан үш адамнан шығып, бір-бірін соққыға жыға бастады. Қалғандары бастапқыда араласпай тұрады. Бірі қарап тұрса, енді бірі телефонға түсірген. Екі жасөспірім жерге құлап, өзгелері басынан тебе бастаған кезде видео үзіледі.

Тағы оқыңыз: Қордай ауданындағы жаппай төбелестің видеосы

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі төбелеске қатысқандардың аты-жөні анықталып жатқанын хабарлады. Кінәлілер жауапқа тартылады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 



sputniknews.kz