Оралда ұшақ құлады – ұшқыш қаза тапты

0

Қолдан құрастырылған шағын ұшақ 69 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі болған. Ол оқиға орнында көз жұмды

28 тамыз күні таңертең Орал маңында қолдан жасалған ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды жергілікті «Уральская неделя» басылымы.

«Оқиға Орал маңында «Казинское» саяжай алқабының жанында болды», – делінген ақпаратта.

Қолдан құрастырылған шағын ұшақ 69 жастағы тұрғын Ярошенкоға тиесілі болған. Ол жедел жәрдем қызметі келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.