Оралда түйреуіш жұтып қойған алты айлық сәби көз жұмды

0
1977

Оралда түйреуіш жұтып қойған алты айлық сәби көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 9 қараша күні болды. Биылғы мамыр айында дүниеге келген қыз түйреуіш жұтып қойған. Сәби сағат 23.10-да облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы сараптама қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болады.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаны растады.