Оралда тергеу кезінде педофильді қамаудан босатып, үйіне жіберген

0
288

Оралда полицейлер қыз баланы зорлады деп айыпталған күдіктіні жазбаша қолхатпен үйіне жібере салған. Жәбірленушінің туыстары құқық қорғаушылардың бұл әрекетіне наразы, деп хабарлайд «Уральская неделя» басылымы.

«Маусымның 24-і күні балалар алаңқайда ойнап жүрген. Бір кезде менің қызым қорқып, үйге жүгіріп кірді. Не болды деп сұрадым. Ешнәрсе айтпады. Ал кешке ол белінен төменірек ауырып жатқанын айтты. Мен киімін шешіп қарап едім, оның зардап шеккенін байқадым», – деді жәбірленушінің анасы.

Қыз баланың айтуынша, көршісі оған балмұздақ беремін деп, үйіне алып кірген.

«Ол маған қатты ауырғанын жеткізді. Айқалайын десе, әлгі ағай «ұрамын, үніңді өшір» деп айтқан», – дейді әйел.

Қыз баланың ата-анасы полицейлерге шағымдан. Ер азамат бірден қолға түсіпті.

«Бір күннен кейін оны босатып жіберіпті. Бұған не себеп болғанын біз білмейміз. Қазір ол бостандықта жүр. Мен қызым үшін алаңдаймын. Далаға шығуға қорқып қалды. Біздің басқа да көршілеріміздің кішкентай балалары үнемі аулада ойнап жүреді. Қазір олардың әке-шешелері де алаңдап, балаларын сыртқа шығармай отыр», – дейді Орал тұрғыны.

Ол тергеу кезінде күдіктіні қамауға алуды талап етті.

«Басқа жақтарда егер мұндай оқиға орын алса, күдікті бірден қамалады. Ал бірақ біздің қалада керісінше», – дейді жәбірленуші тараптың адвокаты Жомарт Ерназаров.

Она требует от полицейских арестовать подозреваемого на время следствия.

Жергілікті ПД өкілдері қазіргі таңда сараптама тағайындалғанын атап өтті. Өзге де ақпарат тергеу құпиясы болып табылады.

«Бұл факті бойынша қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмаған балаларды азғындау» бабы бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіден жазбаша қолхат алынды. Алдағы уақытта оқиғаны мән-жай анықталатын болады», – делінген ПД хабарламасында.

Егер ер азаматтың кінәсі дәлелденсе ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.