Оралда шомылып жүрген әйел моторлы қайықтың астына түсіп, көз жұмды — Қазақстан жаңалықтары
Апат Оралда Шаған өзенінде, Шойын көпірінің жанында болған. Әйел моторлы қайықтың астына түсіп кеткеннен кейін көз жұмды.
БҚО полиция бөлімінің баспасөз хатшысы Болатбек Белгібеков әйелдің көз жұмғанын айтты.
«6 маусымда сағат 10:15-те белгісіз біреу моторлы қайықта Шаған өзені бойымен Дружба жазғы үйінен Селекционный кентіне қарай бара жатып, «шойынды» көпірінің жанында суға шомылып жүрген 1979 жылы туған азаматшаны қағып кетті, дене жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмды», — деді Болатбек Белгібеков.
Оқиға орнында сүңгуірлер әйелдің денесінің бөліктерін іздеуде.
Полиция әйелді қағып кеткен ер адамды іздеуде.
Қазіргі уақытта, сотқа дейінгі тергеу амалдары Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі «Жол қозғалысы қауіпсіздігін немесе өзен көлігін пайдалану ережелерін бұзу» бойынша жүргізілуде.
stan.kz