Оралда шенеунік әйел бір шешімінің арқасында жазадан құтылып кетті – видео

0
70

Батыс Қазақстан облысында бөлім басшысы 100 мың теңге көлемінде парадан бас тартқан. Нәтижесінде ол қылмыстық жазадан құтылған

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Оралда тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы бөлімінің басшысы парадан бас тартып, жазадан құтылды, деп хабарлайды жергілікті nadezhda.kz порталы.

Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қүрес қызметі Орал қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы бөлімінің басшысы Г. Рамазановаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілгенін атап өтті. Ол пара алды деген күдікке ілінген.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қүрес қызметінің мамандары 100 мың теңгені пара ретінде дайындап қойған. Бұл ақша қаладағы мейрамхана жұмысын тексеру кезінде оған оң баға беріліп, кейін бұл мекемеге «қамқорлық» көрсету үшін берілмекші болыпты.

«Қаржы үшінші адамның банк карточкасына аударылды. Алайда Рамазанова оған хабарласып, бұл ақшаны пара бермекші болған адамға қайтаруды сұраған. Осылайша, Рамазанова өз еркімен парадан бас тартқан. Нәтижесінде оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылған. Себебі, оның әрекетінде қылмыстық істің құрамы болмаған», – делінген хабарламада.

Алайда сыбайлас жемқорлыққа қүрес қызметінің мамандары бөлім басшысы «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» заңы мен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормалары бұзылды деген пікірде.

«Осыған байланысты біз БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысының атына Рамазанова қызметінен босату туралы ұсыныс жібердік», – дейді БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет.

Тағы оқыңыз: Жамбыл облысында майордың қылмысы видеоға түсіп қалды

Бұл ұсыныс 20 қараша күні басқарма комиссиясы қараған. Алайда жемқорлыққа қүрес қызметінің мамандары басқарма басшылығымен кездесу барысында Рамазановаға қатысты шешім шығарылмағаны анықталыпты.



sputniknews.kz