Оралда қарулы адамдар ер адамды атып тастады: куәгерлер егжей-тегжейлі айтып берді (ВИДЕО)

Оралда кеше түнде атыс болды. Жастар топтарға бөлініп, қала орталығында төбелескен. Ақыры атысқа айналыпты.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бір жігіт- иығы мен кеудесінен оқ жарақатын алып, ауруханаға түсті. Ота жасалған жас жігіт- осы уақытта хәл үстінде жатқан көрінеді.
Жастардың төбелесіне не себеп болды? Мұны тәртіп сақшылары әзірге айтпай отыр. Белгілісі, оқ- аңшылық мылтықтан атылған. Қару тәркіленді және төбелеске қатысқан жастардың барлығы ұсталды.
Болатбек БЕЛГІБЕКОВ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Уақытша ұстау изоляторына оларды қамау және оларға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылуда қазіргі уақытта. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Ал қалған деректер тергеудің мүддесіне байланысты жарияланбайды.