Оралда оқушыны өлтірген бозбалаға сот қатал үкім шығарды

0

2018 жылдың қысында Ақтөбе облысының Шалқар қаласында 17 жастағы бозбала мектеп оқушысын пышақтап тастаған

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Сот 17 жастағы бозбалаға оқушыны өлтіргені үшін үкім шығарды, деп хабарлайды «Мой город» порталы.

Трагедия өткен жылдың қысында Ақтөбе облысының Шалқар қаласында болған. Шаһардағы мұз айдындарының бірінде жоғары сыныптың оқушылары сөзге келіп қалған. Оның соңы төбелеске ұласады. Салдарынан 17 жастағы бозбала пышақ алып шығып, оны 16 жастағы оқушының кеудесіне сұғып алған.  

Кейінірек қаза болған бала бокстан спортшы шебері екені белгілі болды.

Ақтөбеде ҰБТ қарсаңында «Алтын белгі» иегері мектеп түлегін өлтірді 

Сотта күдікті пышақты өзін қорғау үшін пайдаланғанын айтты. Алайда оны судья есепке алған жоқ. Ол іс материалдарын мұқият қарап шығып, айыпталушыны  9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Сондай-ақ айыпталушының отбасы зардап шеккен тарапқа моральдық шығын ретінде 3 миллион теңге (7,7 мың доллар), жерлеу рәсіміне жұмсалған 1,3 миллион теңге (3,3 мың доллар) көлеміндегі қаражатты қайтаруға, әрі адвокатты жалдауға жұмсалған 300 мың теңгені беруге міндеттелді.

Алайда айыпталушының отбасы соттың бұл үкімімен келіспейтінін, тым қатал шешім екенін атап өтіп, үкімге шағым түсіретінін жеткізді.



sputniknews.kz