Оралда мектеп-интернаттың 12 оқушысы бірдей ауырып қалды — Қазақстан жаңалықтары
Оралда Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық санитарлық мектеп-интернаттың оқушылары өзін нашар сезінді, деп жазады Мой город.
4 сәуірде мектеп-интернаттың оқушыларының жүрегі айнып, медициналық изоляторға жеткізілді.
«Дәрігерлер тексеру жүргізіп көрді. Оқушылардың жағдайы қанағаттанарлық. Дене температуралаы көтерілмеген. Уланудың белгілері жоқ. Екі оқушының жағдайы жақсарып, сабаққа жіберілді. Бір оқушыдан ротовирусты ауру белгісі анықталған жоқ. Қалған 9 бала дәрігердң бақылауында», — дейді облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
5 сәуір күні кешкілік изоляторда 3 оқушыдан жедел тыныс жолдарының вирустық инфекциясы табылды. Өзгелері интернатқа жберілді.
«Барлық бала тексерілді. Қойылған диагноз — Жедел тыныс жолдарының вирустық инфекциясы. Барлығы 243 бала бар. Олардың бәрі шағымданған жоқ. Бұл мәселе баылауда». — деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Мәдениет Танауов.
stan.kz