Оралда кепілге алынған әйел босатылды

0

Бүгін түсте күйеуі кепілге алған әйелді босату операциясына арнайы жасақ сарбаздарының да қатысуына тура келді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Күйеуі алты сағаттан астам уақыт бойы кепілдікте ұстаған нотариус әйел босатылды, деп хабарлады  ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Оралда кепілге алынған әйелді босату операциясы аяқталды, қаза болғандар жоқ. Полицияның арнайы жасағы қару мен арнайы құралдарды пайдаланбай, қаскүнемді залалсыздандырды», — деп жазылған хабарламада.

Операция сағат 19:45-те аяқталды (Нұр-Сұлтан уақытымен 20:45).

Кепілге алынған әйелдің күйеуімен сағат 13:10-нан бастап (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14:10) 6 сағаттан астам уақыт келіссөз жүргізілді.

Диалогқа оның жақын туыстары мен достары да тартылды.

Ұзаққа созылған келіссөздерден кейін ол әйелін босатты, оны дереу арнайы жасақ қызметкерлері ұстады.

«Әйел аяғынан пышақ жарақатын алған. Жәбірленуші босатылып, дәрігерлерге тапсырылды. Қазір онымен психологтар да жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлады полицейлер.

Полиция аймақты қоршауға алды, үйдің тұрғындары мен ғимараттың жанындағы адамдар эвакуацияланды, олар жақын маңдағы орта мектептің ғимаратына орналастырылды.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 261-бабы (Кепілге алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта коршау алынып жатыр, содан кейін тұрғындар үйлеріне қайта алады.    



sputniknews.kz