Белгілі заңгер Абзал Құспан әлеуметтік желіге осындай мазмұндағы видео жүктеді. Видеодан бір топ адамның республикалық маңызы бар Ақтөбе-Орал тас жолын жауып, Мүфтият тағайындаған БҚО бас имамы Бақытжан Құралбайұлының қызметтен кетуін талап еткен адамдар көрінеді.
Заңгердің пікірінше олар жан діни ағым өкілдері. Ақтөбе-Орал жолын жауып тастаған азаматтар туралы ресми органдар әлі түсініктеме берген жоқ.
БҚО бас имамы Бақытжан Құралбайұлы KzNews тілшісінің сұрақтарын жауапсыз қалдырды.
Оралда жастар жолды не үшін жапты: БҚО бас имамы түсініктеме берді