Оралда дене тәрбиесі сабағынан кейін оқушы көз жұмды — новости Казахстана

Оралда дене шынықтыру сабағынан кейін 10 жасар бала қайтыс болды. Оқушының сыныптастары оның жағдайының күрт нашарлағанын айтты деп хабарлайды uralskweek.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:uralskweek.kz
Қайғылы оқиға 25 желтоқсан күні Оралға қарасты Асан елді мекеніндегі орта мектепте болған.
«Жедел жәрдемге қоңырау 17:52-де келіп түскен. Ал ақ халаттылар оқиға орнына бес минутта жетті. Баланың жағдайы ауыр болып, оны жақын маңдағы ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер барлық құтқару шараларын қабылдағанымен, оқушыны аман алып қала алмады», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөзі.
Айта кетейік, баланың неден қаза тапқаны белгізі. Ол сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болмақ.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар