Оралда ана 9 айлық қызын эскалатордан құлатып алды

0
108

Оралда дәрігерлер тоғыз айлық қыздың өмірі үшін арпалысып жатыр. Анасы қызды эскалатордан құлатып алған. Оқиға сауда орталығындағы бейне бақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Кадрлардан әйелдің баласын ұстап, эскалатормен жоғарғы қабатқа көтеріліп келе жатқанын көруге болады. Бір сәтте бала анасының қолынан шығып кетіп, төменге құлап кеткен.

Әлеуметтік желі қолданушысы оқиғаның көз алдында болғанын жазды.

«Жүрегім әлі ауырып тұр. Баланың басы ісіп кеткен, жерде жатты. Төменгі қабатқа құлап кетті. Тірі қалды үміттенемін және дұға етемін. Біреудің кішкентай ханшайымы ғой», — деп жазды желі қолданушысы.

Денсаулық сақтау басқармасында 13 наурызда Asia Mall сауда ортағынынан хабар келіп түскенін мәлімдеді.

«Тоғыз айлық қыз эскалатордан құлап кетті. Зардап шеккен бала қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Оған жабық ми-бас сүйек жарақаты, ми шайқалуы, қан құйылу диагнозы қойылды. Жағдайы өте ауыр, қыз өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», — делінген денсаулық сақтау басқармасында.

БҚО полиция департаментінде баланы 35 жастағы әйелдің бірінші және екінші қабат аралығында құлатып алғанын айтты. Аталмыш дерек бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестрінде тіркелген. Тексеріс жүріп жатыр.