Оралда әйел таксиде босанып қалды

0
такси

Оқиға орнына жедел жәрдем көлігімен жас фельдшерлер келген, алайда әйелді сол жерде болған акушер-гинеколог босандырды

Sputnik. Оралда әйел такси ішінде босанды.

Куәгер Азамат Әбуғалиев 29 тамызда көлік жуатын жерде досымен сөйлесіп тұрған. Олар кенет көлік тоқтап, артынан жедел жәрдем келгенін көрген.

«Менің досым Тимур Мұхамедияров облыстық перинаталдық орталықта акушер-гинеколог болып жұмыс істейді. Жас фельдшердің келгенін көріп, көмек қажет емес пе деп сұрады», — деді Әбуғалиев «Мой Город» өңірлік басылымына.

Акушер-гинеколог әйелдің көлікте босанып жатқанын көріп, бірден қолғап пен спирт сұраған.

«Ол босанған әйелге көмектесті. Кіндігін кесті. Бәрі жақсы өтті. Ана мен баланың жағдайы жақсы», — деді куәгер.

Анасы мен ұлы облыстық перинаталды орталыққа жеткізілді.

Айта кетейік, өткен жылдың күзінде «Қызылорда – Нұр-Сұлтан» пойызының бастығы Меруерт Қорабаева жолаушы әйелді босандырып алды. Босанған әйел баланың есімін оның құрметіне Меруерт деп қойды. Пойыз бастығы кейінірек «Халық сүйіктісі» сыйлығы барысында «батыл жүрек» номинациясына ие  болды.