Оралда 57 көшенің атауы өзгертілді — Ел жаңалықтары
Оралда 57 көшеге жаңа атау берілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кеңестік кезеңнен келе жатқан көшелер мен атауы жоқ көшелер өзгертілді.
Қалалық мәслихат пен әкімдіктің шешімі ҚР Үкіметінің жанындағы республикалық ономастикалық комиссияның мақұлауын алды. Таяу уақытта құжат әділет басқармасында тіркеліп, іске қосылады.
Аты өзгерген көшелердің тізімі ресми шығарылуға жіберілді. Орал мәслихатының өкілдері көптеген көшелердің аты болмағанын айтады. Сонымен қатар, өзгертілген көшелердің арасында идеолониясы өзгерген атаулар да бар екен.
«Көшелердің атауын ауыстыру кезінде қоғамның пікірі ескерілді. Адамдардан шығын шықпайды. Жаңа атаулар мәліметтер базасында автоматты түрде пайда болады», — деді Орал мәслихатының хатшысы Аққали Әубәкіров.
БҚО тілдерді дамыту басқармасында 2018 жылы облыстық ономастика комиссиясы төрт рет отырыс өткізгенін хабарлады.
«Облыс бойынша 461 көшенің атауы өзгерді. 270 көшенің идеологиялық мазмұны ескірген. Орал қаласы бойынша 231 көше өзгертілді, оның 135-і — идеологиялық себептермен», — деді БҚО Тілдер басқармасының бөлім басшысы Асылбек Бисекенов.
Аты өзгерген көшелер тізімі:
Астана ықшамауданы:
№ 1 көше — Қазыбек би;
№ 2 — Әйтеке би;
№ 3 — Төле би;
Жұлдыз ықшамауданы бойынша:
№ 4 көшесі — Нұрғиса Тілендиев;
№ 6 — Фариза Оңғарсынова;
№ 8 — Ермек Серкебаев;
№ 13 — Асқар Сүлейменов;
№ 23 — Медеу;
Орал қаласы бойынша:
Верхняя көшесі — Шалқыма;
Проселочная — Назерке;
1-ой садовый переулок көшесі — Ағыбай батыр;
2-й кольцевой переулок көшесі — Бұланты;
2-ю молодежная — Балқаш;
26 бакинских комиссаров көшесі — Жидебай;
Речная көшесі — Ертіс;
Больничная көшесі — Ырысты;
Вершигора көшесі — Халел Досмұхамедұлы;
Заводская көшесі — Естай;
Западная көшесі — Тұлпар;
Заречная көшесі — Қызғалдақ;
Зеленая көшесі — Маралды;
Кирпичный з-д КСМК көшесі — Бозай;
Кольцевой тупик — Найзалы;
Комарова — Сұңқар;
Речной тупик — Серуен;
Латышская — Талды;
Лесная — Хақназар хан;
Литейная — Сүйінбай жырау;
Литейная площадь — Шарын;
Лощинная — Толқын;
Молодежная — Доспамбет жырау;
Молодежная-1 — Байқоңыр;
Набережная — Ақжар;
Овражная — Қырмызы;
Охранная — Қоғалы;
Первомайский проспект — Мамыр;
Поселковая — Шиелі;
Поселковый тупик — Сонар;
Приречная — Сұлутөр;
Пролетарская — Райымбек батыр;
Промышленная — Көксай;
Гурьевская — Тобыл;
Федина — Торғай;
Советская — Сұлтанбека Қожанова;
Степная — Үстірт;
Строители — Алтынкөл;
Строительная — Жақыпа Ақбаева;
Ульяновская — Шортанбай ақын;
Герцена — Шыңғыстау;
Хорошкина — Мұхамеджана Сералина;
Целинная — Сырымбет;
Центральная — Жанқожа батыр;
Электрическая — Қарқаралы;
Южная — Көктерек;
Белая казарма — Ақбақай;
Сарыарқа ықшамауданы бойынша:
№ 41 — Бердібек Соқпақбаев;
44 — Шәмші Қалдаяқов.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz