Оралда 15 жастағы қыз 29-дағы жігітке тұрмысқа шықты: Анасы арызданбайтын болды

0

29 жастағы ер адаммен заңсыз некеге тұрған 15 жастағы қыздың анасы сот сараптамасынан бас тартты, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі АstanaTV.

16 қыркүйекте тіркелген оқиғаның анық-қанығын тәртіп сақшылары кеше ашып айтты. Келтірілген деректерге қарағанда, 15 жастағы мектеп оқушысы қыркүйектің ортасында із-түссіз жоғалып кеткен. Іздеу салып шешесі полицияға арызданыпты. Ақыры тәртіп сақшылары, кәмелеттік жасқа толмаған қыздың 29 жастағы жігітке күйуге тиіп кеткенін анықтаған.

Дерек бойынша, «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болды», деген айыппен іс қозғалған. Алайда, ол тоқтап қалуы мүмкін. Өйткені, қыздың анасы арызды қайтып алған.