Орал саяжайында үш адам өртеніп кетті
Қысқа сілтеме алу
Саяжай үйіне шарпыған жалынды өрт сөндірушілер үш сағаттан астам уақыт сөндірді. Өрт болған жерден үш адамның мәйіті табылды
НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Оралда саяжай үйінде болған өрттен ер адам, әйел және бала қаза болды, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
«Волна» бау-бақша бірлестігінің аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама 27 қыркүйек, жұма күні түнгі сағат 02.46-да түскен.
Өрт сағат 06.15-те сөндірілді. Оның аумағы 35 шаршы метрді құрады.
Атырауда ер адам жүріп бара жатқан көлікте тірідей өртеніп кетті
Оқиға орнынан үш адамның өртенген денесі табылды: олардың бірі 1961 жылы туған ер адам болып шықты, ал әйел мен баланың кім екені анықталып жатыр.
Өртті сөндіруге 14 адам жұмылдырылды.
sputniknews.kz