Орал қаласында теннистен республикалық турнир өтті

0

Сайысқа Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Қарағанды, Шымкент, Қызылорда, Орал қалаларынан 60-тан аса спортшы қатысты.

Бес күнге созылған турнир нәтижесінде қыздар арасында астаналық Жансая Бақытжан – 1 орынға ие болды. Жүлделі екінші орынды шымкенттік Әмина Сәлибаева мен астаналық Яна Кузнецова өзара бөлісті.

Ұлдар арасындағы бәсекеде де астаналықтардың бағы жанды. Иран Нағымтай – 1 орын алса, оның командаласы Борис Черкасов – 3 орынға табан тіреді. Екінші жүлде Алматы қаласынан келген Заңғар Нұрланұлына бұйырды.

Жұптасып өнер көрсетуде Иран Нағымтай (Астана) мен Борис Черкасов (Астана) – бірінші жүлде, Демид Горбачев (Ақтөбе) пен Кәрім Әркен (Астана) – екінші орын, Заңғар Нұрланұлы (Алматы) мен Ибрагим Тұрғамбеков (Астана) – үшінші орын иегері атанды.

Қыздардан Татьяна Щербакова (Қарағанды) мен Яна Кузнецова (Астана) – бірінші, Жансая Бақытжан (Астана) мен Әмина Сәлибаева – екінші, Айсұлу Жолболат (Ақтөбе) пен Әмира Қазтуған (Ақтөбе) – үшінші орын жеңіп алды.

Оралдықтардың ең үздік көрсеткіші Рауан Батырға (6 орын), Иосиф Ғалымжановқа (7 орын) және Мәдина Құстанаеваға (7 орын) тиесілі.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан