Оқушының жазған түсініктемесі мұғалімді тығырыққа тіреді
Қысқа сілтеме алу
Оқушының немере әпкесі жазбаның суретін Twitter-де жариялап, баланың ой-өрісі мұғалімді қатты таңғалдырғанын айтты
АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Америкалық жасөспірімнің ерекше түсініктемесі әлеуметтік желілерде жылдам таралып кетті, онда ол үй тапсырмасын неліктен орындамағанын жазған.
Жазбаның суретін Twitter әлеуметтік желісінде оқушының немере әпкесі жариялады, деп жазды Sputnik Беларусь.
Оның айтуынша, мұғалімді оқушының үй тапсырмасынан өзін қорғауы қатты таңғалдырған, ал сыныптастары оның болашақта табысты адвокат болатынын болжапты.
Әлеуметтік желіде жарияланған түсініктемеде жас америкалық Эдвард Кортес былай деп жазыпты:
«Менің демалыс күндері үй тапсырмасын орындағым келмейді – бұл достарыңмен бірге қыдырып, теледидар көріп, компьютерлік ойындар ойнайтын уақыт. Үй тапсырмасы мені бақытсыз етеді, сондықтан өз басым қуанышқа бөлейтін нәрселерді ғана істеймін, менің бақытты болғым келеді. Егер сен бастық немесе мұғалім болмасаң, жұмыста саған ешкім үй тапсырмасын бермейді. Мектепте де үй тапсырмасы берілмеуі тиіс, өйткені одан пайда жоқ».
So my cousin and his wife got an email from their sons teacher. He didn’t do his hw so she asked him to write a paper saying why he didn’t do his hw and this is what she got…😂🤦🏼♀️ pic.twitter.com/2eDh2IgB9X
— Lydia (@_Lyddz) 14 февраля 2019 г.
Кортестің түсініктемесі шынайы әрі ашық жазылғаны соншалық, мыңдаған әлеуметтік желі қолданушышысы оған лайк басып, бөлісіп, пікір қалдырған.
Адамдар бала болашақта үлкен жетістікке қол жеткізеді деген пікір білдірді.
sputniknews.kz