Оқушыны ұрған мұғалім 2,8 жылға сотталды
Өзбекстанның Хорезм облысы Богот ауданындағы мектеп-интернат мұғалімі оқушыны ұрғаны үшін жазаланды.
Өзбекстанның Хорезм облысы Богот ауданындағы мектеп-интернат мұғалімі оқушыны ұрғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Zakon.kz centralasian.org сайтына сілтеме жасап.
Мектептің спорт бапкері Жуманазар Рузметов кінәлі деп танылып, екі жыл сегіз айға бас бостандығынан айрылған.
Өткен жылы 20 қыркүйекте мұғалім ұрған бесінші сынып оқушысы Бобоназар Худойназаров үш ай бойы комада жатқан. 11 жастағы оқушы қазір үйінде ем қабылдап жатыр.
1 қазанда аудандық прокуратура істі бақылауға алғанын хабарлаған. Оқиға арнайы мектеп-интернаттың дзюдо секциясында болған. Бас прокуратура мәліметі бойынша, «оқушы 2018 жылы 21 қыркүйекте таңғы сағат төртте комаға түскен».
Дегенмен мұғалімге қатысты қылмыстық іс сегіз күннен кейін ғана қозғалған. Тексеру барысында мектепте мұғалімдердің балаларды ұрып-соғуы қалыпты жағдайға айналғаны анықталған.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz