Оқушыларға берілген үй тапсырмасы жұрттың ызасына тиді – фото

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Әйел балалар бұл жаттығу арқылы адамдардың ерекшеліктерін сынауға үйренетінін айтады. Желі қолданушылары оның пікірін қолдап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша — Sputnik. Американың Кентукки штатының тұрғыны Лорел Ли Льюис әлеуметттік желіде қызының үй тапсырмасын жариялады. Тапсырмада суреттегі қыздың қайсысы «толық» екенін белгілеу керек болған.

«Біз балаларды мектепке мазақ қылмайды деген ниетпен жібереміз. Алайда бала мынадай үй тапсырасын әкелгенде мектепте не нәрсеге үйретеді деген сауал туындайды «, — деп жазады әйел.

Оның айтуынша, тапсырма құрастырушылары адамдардың бейнесін қолданбауы керек еді.

Әйел балалар бұл жаттығу арқылы адамдардың ерекшеліктерін сынауға үйренетінін айтады. Мұндай тапсырмалар балаларды теріс құндылықтарға баулиды. Желі қолданушыларының көбі оның пікірін қолдап отыр.

Ал енді бірі әйел тым асыра сілтеп отыр деген пікірде.



sputniknews.kz