Оқушылар мектепті оффлайнға қайтаруды талап етіп, қастарын қырып тастады

0
914

Мектеп оқушысы әрі блогер Фатима мен Медина Майсар өздерінің қойған талаптары орындалмаған соң қастарын қырып тастаған. Олар бұған дейін 31 қаңтарда мектепті оффлайнға көшіруді талап етіп, видеоүндеу жариялаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Егер дүйсенбі, 31 қаңтарда Қазақстандағы барлық мектеп оқушылары қай сыныпта оқитынына қарамастан (1-11), қай мектепте оқитынына қарамастан (жеке немесе мемлекеттік), мектептеріндегі оқушы сананына қарамастан (600-ден аз немесе көп), олардың екпе алған алмағанына қарамастан… егер дүйсенбі 31 қаңтарда мектепке оралмасақ, онда біз қасымызды қырып тастаймыз», – деген еді олар 24 қаңтардағы өз үндеулерінде.

Олар бұл талаптарын өздерінің адами құндылықтарынан айырылып бара жатқанымен түсіндірген.

Мектеп оқушылары бас санитарлық дәрігердің қаулысына тоқталып, оны баланың құқығын бұзады деп айыптады.

«Ол мектеп оқушыларының тек 50 пайызы ғана мектепке бара алатынын, сонымен бірге бұл қатарда екпе алған балалардың барын айтты. Ал екпе алмағандар онлайн түрде оқуын жалғастырады. Бұл әрекетімен ол баланың білім алу тәртібін бұзды», –  деді олар бейнеүндеулерінде.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Абдулаева оқушылардың үндеуіне жауап қатып, видеоны Алматы қаласы Білім басқармасының басшысының қарауына жолдаған.

Белсенді оқушылар мемлекет қазір жасап жатқан жұмыстардың барлығы кадрлық ауыс-түйіс екенін, алайда мектеп оқушыларының білім берудің дәстүрлі форматына қайта оралуын көптен бері Білім министрлігінен сұрап келе жатқанын естен шығарғанын айтады.

Көпшіліктің назарын аудармақ болған оқушылар жаңа бейнеүндеулерінде қастарын қырып тастаған.

«Балалар сөзіне ересектер құлақ асу үшін тағы не істеуі керек?», – деп аяқтайды олар үндеуде.

Жазбаның астына Мөлдір Абдулаева түсініктеме қалдырып, білім және ғылым министрлігі 24 қаңтардан бастап оффлайн форматқа 1-4 сыныптарды міндетті түрде және сыйымдылықтың 50%-на дейін, сондай-ақ ата-аналар мен мектеп оқушыларының таңдауы бойынша көшіру туралы шешім қабылдағаны туралы жазды.

Сонымен қатар оқушылардың үндеуін қарап, Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқбайқызына тексеруге жіберетінін қосты.