Оқтаулы мылтық пен тапанша: Сапарбаев 16 млн теңгеге күзет қызметіне жүгінеді

0

Жамбыл облысының әкімдігі мемлекеттік сатып алу порталында қызықты лот жариялаған.

Жарияланған лоттың сипаттамасында күзетшілерде мылтық пен тапанша болуы тайға таңба басқандай жазылыпты. Мұздай қаруланған күзет қызметкерлері аумақты күзетіп, резиденциядағы адамдарды тәулік бойы қорғауы керек. Сондай-ақ техникалық сипаттамада арнайы құралдармен және қару-жарақпен жабдықталған күзет қызметкерлерінен тұратын мобильді жедел әрекет ету тобы қажет екендігі көрсетілген.

Бұл туралы Arasha сайты жазды.

Күзет мекемесі 16 млн теңге қаржыға қос бірдей резиденицияны күзете ме, жоқ әлде бір ғана ғимаратқа қарай ма, ол жағы анық жазылмаған.