Оқиға орнынан қан іздері табылды: Апорт қасынан өлі табылған ер адамның кім екені анықталды

0
211

Алматыда жаңадан салынып жатқан Nurly Dala тұрғын үй кешенінің маңынан ер адамның мәйіті табылды. Полицейлер оның өз ажалымен өмірден озбағанына сенімді. Өйткені, оқиға орнынан қанның іздерін байқалыпты. Тәртіп сақшылары сонда қандай болжам жасап отыр? Марқұмның ныспысы анықталды ма? Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды

«Ер адамның мәйіті дәл осы жерден табылған. Мына жерден қанның жан-жақа шашырағанын көруге болады. Қылмыс дәл осы жерде жасалды ма, жоқ жол бойынан көлік қағып, содан кейін осында алып келіп тастады ма, ол жағы әзірге белгісіз. Енді бұл мәселемен полицейлер айналысуда».

Куәгерлер Ташкент тас жолының бойындағы құрылыс нысанының жанында белгісіз адамның мүрдесі жатқанын байқап, бірден полицейлерге хабар беріпті. Бастапқыда марқұм құрылысшы емес пе екен деген де долбарлар айтылыпты. Алайда, нысанды салып жатқан компанияс өкілдері марқұмлды танымайтындарын жеткізді.

«Біздің адам емес, жұмысшылар емес екен деді.  Біреу таспен ұрған дейді басынан дейді. Нақты белгісіз, айта алмаймыз».

Оқиға орнына шұғыл тәртіп сақшылар мен жедел жәрдем жеткен. Тексеру барысында марқұмның ауыр жарақат алғаны белгілі болған. Мәйіттің маңынан ұйып қалған қанның іздері табылыпты. Ешқандай құнды заттары жоғалмаған. Қалтасындағы ұлялы телефоны мен ақшасына тиіспеген екен. Ал жедел жәрдем дәрігерлері бас-ми жарақатынан көз жұмған деген қортынды жасаған

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Азаптап өлтірілгені анық болды. Бас жарақаты бар. Қазіргі таңда адамның өлімнің нақты себеп салдарын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл азаматтың аты-жөні бірден анық болды. Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны болып шықты. 1972 жылы туылған. Алматыда жұмыс істейді екен».

Қазіргі таңда адам өлтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тіргеу амалдары қолға алынған. Бұл іспен тәжірибелі із кесушілер тергеу айналысуда екен. Күдікті қолға түскеннен кейін қылмыстың қандай мақсатпен жасалғаны белгілі болмақ.