оқиға орнына туған бауырын алып келді

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Әйелдің кепілге алынуы салдарынан көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары бірнеше сағат бойы пәтеріне кіре алмай жүр

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Әйелін кепілге алған Орал тұрғынымен оның туған бауыры келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының баспасөз хатшысы Болатбек Бердібеков хабарлады.

«102» нөміріне ер адам нотариус болып істейтін әйелін Жәңгір хан көшесіндегі кеңседе ұстап отырғаны туралы хабарлама шамамен сағат 13.10-да келіп түскен.Содан бері жергілікті полиция онымен келіссөз жүргізіп жатыр. Ер адам пышақпен және гранатаға ұқсас затпен қаруланған.

«Әзірге ештеңе өзгерген жоқ, келіссөздер жалғасуда. Туған бауырын алып келді, қазір ол келіссөз жүргізіп жатыр», – деп хабарлады Sputnik-ке облыстық департамент басшысының баспасөз хатшысы.

Құқық қорғау органдарының алдын-ала мәліметінше, бұған дейін ерлі-зайыпты ажырасуға шешім қабылдаған. Сонымен қатар ер адам психиатриялық есепте тұрмайтыны белгілі болды.

Оралда ер адам әйелін гранатаға ұқсас затпен кепілге алды

Бес қабатты үйдің барлық тұрғыны эвакуацияланды, үйдің айналасы қоршауға алынды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз