«Оқ атып, өктемдік жасаған»: Алматыда екі қылмыстық топтың жолы кесілді — Қазақстан жаңалықтары

0

2020 жылғы 27 мамырда ҰҚК Алматы қаласы мен Алматы облысында ҚР ІІМ-мен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде бір-біріне қарсы екі ҰҚТ-ның құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

қылмыстық топ

Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі жариялады. 

«Қылмыстық топқа қатысушылардың бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар. Қылмыстық құқық бұзушылықтар атыс қаруын қолдана отырып, аса өктемдікпен жасалған», — делінген ресми хабарламада.

Екі ҰҚТ-ның белсенді мүшелерінің жалпы саны 30 адамға жеткен. Олардың арасында бұрын сотталған адамдар бар, кейбіреулері «ұрылар» идеологиясын ұстанып, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтардың жетекшілерімен байланыста болған.

Фигуранттардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында 11 бірлік әртүрлі қару түрлері, 200-ден артық оқ-дәрілер алынды.

«Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде», — деп қосты ҰҚҚ өкілдері.

 

stan.kz