ОПЕК+ келіссөзі қандай нәтиже беруі мүмкін

0

ОПЕК+ энергетика министрлерінің бұл жолғы кездесуі аталған ұйым тарихындағы ең маңызды шаралардың бірі болады. Негізгі тақырып – бірнеше аптада екі есеге төмен құлдыраған бағаны тежеу ​​үшін мұнай өндірісін қысқарту

Алайда бұл басқосудан ерекше келісім күтудің қажеті жоқ, деп жазады РИА Новости.

Арабтардың қулығы

Жалпы мұнай өндіруді төмендету мақұлданғанымен, тәулігіне он миллион баррельге дейін қысқартуға келісу өте өзекті. Бүгінде Сауд Арабиясы өз өндірісін үш миллион баррельге дейін қысқартуға дайын. Ал Біріккен Араб Әмірліктері мен Ирак және Ресейге бір жарым миллионға дейін қысқарту ұсынылып отыр.

Бір қарағанда, бұл Ресей үшін өте тартымды: ОПЕК-тің жетекші елдерінің деңгейімен бірдей және саудиялықтардан екі есе аз. Яғни, бұл әлемдік мұнай нарығындағы ресейлік үлестің төмендемейтінін білдіреді.

Алайда арабтар қулыққа барып отыр. Өйткені ОПЕК елдері сәуір айында өндірісті күрт арттырған еді. Оның ішінде Сауд Арабиясы 2,5 миллион баррельге дейін өсірді. Осылайша, Эр-Рияд уәде еткен үш миллион бар-жоғы жарты миллионға айналады.

БАӘ өндірісті миллион баррельге, Ирак 200 мыңға арттырды. Ал Ресей наурыз айының деңгейін сақтап қалды. Нәтижесінде, Мәскеу бір жарым миллион баррельді айналымнан шығаруы тиіс.

Мәскеу мұны жақсы біледі. Сондықтан Ресейдің бүгінгі келіссөздегі басты шарты – қысқартылатын мұнай көлемін наурыздағы өндірістен есептеу керек. Сауд Арабиясы бұған келіспейді, сондықтан ОПЕК-тің жаңа келісімін жасау мүмкіндігі өте аз. 

Жұмаға дейін күтейік

Бұл тығырықтан шығар жол әлі де бар. ОПЕК+ қатысушылары осы уақытқа дейін өндірісін тек ұлғайтып келген америкалықтарға нарықты беріп қоюдан орқады. Егер АҚШ өндіріс көлемін одан әрі өсірмеуге міндеттелсе, онда бәрі әлдеқайда жеңіл болар еді. Алайда Вашингтон ОПЕК+ келіссөзіне қатыспайды.

Есесіне ертең, 10 сәуірде АҚШ энергетика министрлігінің басшысы Дэнни Бруйетт «Үлкен жиырмалыққа» кіретін елдердің энергетика министрлерінің кездесуіне қатысады. Міне, осы жерде мұнай нарығын тұрақтандыратын шешімдер қабылдауға мүмкіндік болады. 

Рас, Вашингтон бұған дейін жеке мұнай компанияларына қанша мұнай өндіру керектігін айтуға құқығы жоқ екенін ескерткен. Дональд Трамп атап өткендей, бәрін «ұсыныс пен сұраныс» анықтайды.

«Бұл өздігінен болады. Америкалық компаниялар байсалды түрде өндірісті қысқартуда», – деп мәлімдеді Америка президенті дүйсенбі күні.

Шынында да, сейсенбіде ExxonMobil капитал салымын 30% қысқартқаны туралы хабарлады. Бұл келесі жылы мұнай өндірісін, негізінен тақтатас кен орындарының есебінен күніне 100-150 мың баррельге азайтады. Chevron компаниясы тақтатас мұнайын қаржыландырудан бас тартуын қоса алғанда, инвестицияларды 20% төмендетуге ниетті (олар екі миллиард доллар жібереді деп жоспарланған).

Мұндай әрекеттен ірі тақтатас компанияларының бірі Continental Resources те шет қалған жоқ.

«COVID-19 індетінің арқасында мұнай мен мұнай өнімдеріне әлемдік сұраныс 30% төмендеді. Сәйкесінше, біз сәуір мен мамыр айларында өндірісті осы көлемде қысқартамыз», – деді атқарушы директор Билл Берри.

«Америкалық мұнай өнеркәсібі ОПЕК + елдерін де қысқаруға көндіре бастады», – деп жазды Твиттерде Bloomberg-тің энергетика жөніндегі жетекші корреспонденті Жавье Блас: «Әрине, мұның бәрі капиталдық шығындарға төмен бағаның әсерінен туындайды. Бұл ОПЕК + үшін орнықты болады» – деді ол. 

Сәрсенбіде АҚШ-тың энергетикалық ақпарат басқармасы биылғы жылы мұнай өндіру болжамын түзеді: ол 12,99 емес, тәулігіне 11,8 миллион баррель. Бұл таңғажайып төмендеу (шамамен 1,2 миллион баррель) америкалықтардың (қатысуға баратын болса) бұл көрсеткіші ОПЕК + келіссөзімен тұспа-тұл келіп тұр.

Егер жұма күні келісу мүмкін болмаса, нарық қатты күйзеліске ұшырайды. Өйткені, IHS Markit сараптамалық компаниясының энергетика жөніндегі кеңесшісі әрі вице-президенті Виктор Шум: «Біз Brent сәуірде барреліне он долларға дейін түседі деп санаймыз және ол екінші тоқсанда осындай деңгейде қалуы мүмкін»,– дейді.

Ал Fitch рейтингтік агенттігінің сарапшылары болса, қара алтын бағасын ең төменгі көрсеткіштермен болжайды.



sputniknews.kz