ОПЕК елдері мұнай өндірісін төмендетеді
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) мұнай өндіруді тәулігіне 1,2 млн баррельге дейін төмендету туралы шарт қабылдады.
ОПЕК және ұйымға кірмейтін өзге де мемлекеттер қол қойған шарт 2019 жылдың қаңтарынан заңды күшіне енеді. Енді келер жылдың сәуіріне дейін бұрынғы бағалар сақталуы тиіс. 6 ай көлемінде жалғасатын шарт ережелері әлемдік нарықтағы мұнай бағасын қалыпты және жоғары деңгейде сақтауға арналған. Алдағы уақытта ОПЕК министрлер комитетінің мұнай бағасына қатысты отырысы өтеді.
Қазіргі уақытта ОПЕК елдері мен мұнай экспорттаушы өзге де елдер арасында мұнай көлемін күніне 500 млн баррельге дейін өндіруге бағытталған алдын ала келісімшарттарға қол жеткізілген. Осы жылдың қыркүйегінде ОПЕК елдері мұнайдың әлемдік бағасын реттеу үшін мұнай өндіруді арттыратынын айтқан болатын.