«Оо шшс! Не жейтінімізді үйретпейтін шығарсың»: Әзілкеш Нұрболхан Шарапов ресейлік блогерді орнына қойды

0

Көпшілікті бей-жай қалдырмаған Ресейден келген мигранттың науқанына қатысты белгілі жайдарманшы Нұрболхан Шарапов та пікірін білдірді.

Бұл туралыkznews.kz сайты Нұрболхан Шараповтың инстаграм желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Оо шшс! Отанда қалып, отан үшін соғысу науқанына қатысып кел сен бірінші. Не жейтінімізді үйретпейтін шығарсың», — дейді ол.

Айта өтейік, Ресейде жаппай мобилизация жарияланғаннан кейін экоблогер Алексей Сибирский Қазақстанға келіп, Орал қаласында қоныстанған. Келе салып ол қаладағы өзен арнасын тазарту бойынша экоакция өткізіп, көптеген қазақстандықтарды таңқалдырған еді.

Кейіннен, Алексей Сибирский  жылқыны союдан қорғау науқанын бастаған.

«Ет үшін жылқыларды соймақшы. Жас, сап-сау жылқыларды сатып, тамағын кесіп қансырағанын күтіеп қарап тұрады. Иттерді өлтіргендерді жазалаймыз да, заңды түрде жылқыларды сойып, етін жейміз. Жылқылар да ақыл-ой және эмоционалдық қабілеттері жағынан иттерден кем емес. Заңды түрде қасапшылықты тоқтату мүмкін емес. Бірақ жылқыларды сатып алып, олардың өмірін сақтап қалуға болады. Бір жылқының құны 72000 рубль (саудаласуға болады). Ресейдің және ТМД елдерінің кез келген қаласына арзан тасымалдау мүмкіндігі бар”, – деп жазды ол.

Оған қоса блогер, жылқыларды құтқару үшін арнайы шот ашып, ақша жинауды қолға алған.