«Оның кім екенін білген жоқпын»: Болат Назарбаевтың әйелі күйеуімен қалай танысқанын айтты

0

Болат Назарбаевтың әйелі Динара Мамитекова Экспресс К басылымына сұхбат беріп, күйеуімен қалай танысқанын және қанша ортақ баласы бар екенін айтты, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Динара күйеуі Болаттан 33 жас кіші. «2012 жылдан бері азаматтық некеде тұрамыз. Біз Қаскелеңдегі көңілді кештердің бірінде таныстық. Ол кезде мен тойда ән айтатын едім. Шыны керек, мен оның кім екенін білмедім. Қонақтардың арасында Болат Назарбаев бар дегенде сенген жоқпын. Кейін біздің таныстығымыз махаббатқа ұласты», — дейді Динара. Динара үйлену тойы болмағанының себебін де айта кетті. «Біздің тойымыз болған жоқ. Күйеуім үлкен той жасап бергісі келген, мен бас тарттым. Қазір төрт жасар қызымыз бен он айлық ұлымыз бар. Ұлымыз Германияда, әкесіне ота жасалып жатқанда Германияда туылды. Ол ұлынан қуат алатыны көрініп тұр. Болаттың үлкен қызы Гүлмира оны «кіші Герман» деп атайды», — деді Динара.

Айта кетсек, Динара Мамитекова «Қазақстанның жүз жаңа есімі» номинациясына енген. Еске сала кетейік, бүгін Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарап, оны әйелі жоққа шығарған болатын.