“Оның да болашағы бір Құдайдың қолында” — Ербаян Мұхтардың анасы Ермұрат Бапиге жауап берді

0

Әскерде ауыр жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтардың анасы “сарбаздың жағдайы туралы медицина өкілдері жалған ақпарат таратуда” деген мәжіліс депутаты Ермұрат Бапиге жауап берді.

«Әркім өзінше диагноз жасай бергені дұрыс емес. «Гайморит, пневмония болған» деп өзінің диагнозын қойыпты. Мен онымен келіспеймін. Баламда әскерге кеткенше ешқандай ауру болған жоқ. Тек аллергия болды. Бапи мырзаның айтқанымен келіспеймін. Бапи мырзаның да жасы келе жатыр, өзі де қандай жағдайға түсетіні бір құдайдың қолында. Дәл солай айтқаны дұрыс емес. Ауыр болды, Бапи мырзаның сөзін өзім ауыр қабылдадым. Билікте отырып, солай сөйлеуі дұрыс емес», — дейді Ербаянның анасы Гүлсім Қамиева.

фото: Ulysmedia.kz