Оның бәрі өтірік: 5 баланың туысы өрттің шығуы туралы шындықты айтты
Жамбыл облысында түтінге тұншығып қаза тапқан бес баланың Саидмұхаммед Әбдумәліков өрттің шығу себебі туралы шындықты айтты.
Бұл туралы марқұмдардың туысы КТК телеарнасына берген сұхбатында белгілі болды.
Саидмұхаммед Әбдумәліков, марқұм балалардың туысы:
– Өрттің болғаны – балалар ойнап сіріңкемен от жаққан. Содан болып тұр ғой. Басқа – электр тоқ, газ, буржуйка деп, біреулер шығып жатыр. Оның бәрі өтірік.
Қайғылы жағдай болған үйдің ауласы лентамен қоршалып, далада полицейлер күзетіп тұр. Өйткені пәтердегі өрттің неден шыққанын анықтау үшін іште тергеушілер үзіліссіз жұмыс істеп жатыр. Тек осы подьездің тұрғындарына ғана үйіне кіруге рұқсат.
Ал белгілі болғаны, оқыс оқиға болған баспанаға бес баласынан айырылған отбасы оралмайды. Себебі, осы жерде тұру қайғыдан қан жұтқан жандарға ауыр соғатынын ескерген туыстары, ерлі-зайыптыны жаңа үйге қоныстандыруды ұйғарыпты.
Қаралы отбасы: «Бізге моральдық, психологиялық көмек болмаса, қаржылай қолдау қажет емес» – дейді. Дегенмен жылу жинауға ниет білдірген көпшілікке алғысын білдірді. Ал өздерінің де ерлі-зайыптыға баспана әперуге мүмкіндігі бар екен. Бірақ сонда да жас отбасыға демеушілер көмегімен пәтер берілетін болыпты.