Оның анасы болмай шықты — Жәнібекке қатысты тың дерек шықты
«Бармысың, бауырым?» редакциясының зерттеулері нәтижесінде, «Жәнібектің (Jani Eddy J Saveliev) анасы болуы мүмкін» деген келіншекті ДНҚ сараптамасын Әділет министрлігіне қарасты Сот-сараптама орталығы да тексерген еді, бірақ тест нәтижесі бойынша ол әйел Жәнібектің анасы болмай шықты деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі qazradio.fm парақшасына сілтеме жасап.
Келесі апта «Бармысың, бауырым?» редакциясы Арқалыққа жол жүреді.
Жаңалық болса, қосымша хабарлаймыз.
☎️ Егер білетін мәліметтеріңіз болса, редактор Әсел Асқарқызына құпия түрде жазуға болады: +77713219786 делінген хабарламада.
Естеріңізге салсақ, Испаниядан анасын іздеп келген Жәнібек (Jani Eddy J Saveliev) виза уақытының аяқталуына байланысты Қазақстаннан кететінін мәлімдеген еді.