Оңтүстік Қазақстанда мектеп оқушысы оғаш жағдайда қайтыс болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында оқушылар арасындағы жанжалдан кейін мектеп оқушысы қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

мектеп

«18.02.2020 жылы сағат 13:30 шамасында Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейдің екі оқушысының арасында кикілжің туындап, біреуі екіншісін итеріп жіберген. Нәтижесінде оқушылардың бірі құлап, ал екіншісі қорыққаннан үйіне қашып кеткен. Зардап шеккен балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Алайда, оқушы жедел жәрдем қызметкерлерінің келісімен қайтыс болды», — делінген Түркістан полиция департаментінің хабарламасында.

Бұл факт «Абайсызда өлімге себеп болу» бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ, департамент жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын еске салды.

 

 

 

stan.kz