Оңтүстік Кореядан келген 100 азамат карантинге жатқызылды — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР денсаулық сақтау министрлігі Оңтүстік Кореядан келген азаматтар Алматыда карантинге жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 4 наурыздағы Қаулысына сәйкес коронавирустық COVID-19 инфекциясы бойынша 1 санаттағы елдерден (ҚХР, Оңтүстік Корея, Иран) оралған адамдар Қазақстанға келген күннен бастап жергілікті атқарушы органдар белгілеген нысанда 14 күн карантинде болады.

Осы Қаулыға сәйкес 05.03.2020 жылы сағат 15.50-де Сеул-Алматы рейсімен 197 адам келді. Оның ішінде, 97 жолаушы транзитпен келген: 23-і Қырғызстан, 37-сі Өзбекстан, 16-сы РФ, 18-і Украина, 2-і Оңтүстік Корея, 1-і Тәжікстан азаматтары .

Қырғызстан өз азаматтары үшін автобус жіберді. Полиция қызметкерлерінің көмегімен 21 қырғызстандық мінген втобус Қырғыз Республикасына жолға шықты.

Жалпы 100 адам медициналық мекемеге жеткізіліп, орналастырылды, оның ішінде 4 бала бар. Карантинде отырған адамдарға толық медициналық бақылау жүргізіледі.

Карантин кезінде орнынан кетуге рұқсат етілмейді. Тәртібін бұзылғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік мақсатында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша барлық қажетті шаралар қабылдауда.

Бұған дейін, Оңтүстік Кореядағы 500-ге жуық қазақстандық өздерін эвакуациялауды сұраған еді. 

stan.kz