Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты: қаза тапқандар саны 176-ға жетті

Оңтүстік Кореядағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқандар саны 176 адамға дейін өсті. Бұл туралы Yonhap агенттігі жазды.
«Сағат 18:10-дағы (Астана бойынша 14.10) деректер бойынша Jeju Air ұшағы апатынан қаза тапқандар саны 176 адамға дейін өсті», — деп жазылған хабарламада.