Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтар айына 5 миллиард теңге ақша аударған

0
94

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Корея елінен Қазақстанға жіберілетін ақша аударымы 60%-ке артқан

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Оңтүстік Кореядан Қазақстанға айына 5 миллиард теңгедей ақша аударылады, деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы.

Телеарнаның мәліметіне сәйкес, бұл ақшаны сол елде заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар жібереді екен. Ақша аударымдары өткен жылмен
салыстырғанда 60%-ке артқан. Доллар бағамы өскен соң қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға қарай ағыла бастапты.

«Екінші деңгейлі банктердің мәліметі бойынша Қазақстанға жеке тұлғалардан келіп түсетін ақшалардың көбі Ресейден және Оңтүстік Кореядан келеді. Кореяға барлық аударымдардың 17% тиесілі. Теңгеге шаққанда биыл бес айда 26,5 миллиард теңге түскен», – дейді ҚР Ұлттық банкінің бас маманы Төлеген Тыныштыбаев.

Телеарна тілшісі Кореяда жұмыс істеп жүрген отандасымыздың бірімен WhatsApp желісі арқылы байланысқан. Ол аты-жөнін айтып, бет-бейнесін көрсетуді қаламапты.

«Бұл елде тұрғаныма бір жыл болды. Екі зауытты ауыстырып көрдім. Қазір үшінші зауытта қызмет етемін. Теңгеге шаққанда енді Қазақстанға 500 мың теңге жібересіз. Ал өзіңіздің бұл жақта тұратын жүретін шығыныңыз бар. Пәтер жалдап тұратын болсаңыз, 200 доллар айына төлеп тұрасың. Бұл үнемі солай деп ойламаңыз. Кейде жұмыс болмай қалады. Жұмыс істемеген күндерді есептегенде жоқ дегенде 2-3 айға кетіп қалады», – Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматы.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Оңтүстік Корея президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі таңда бұл елде 9996 қазақстандық мигрант жүр. Олар 20 мен 40 жас аралығындағы қыз-жігіттер. Ал былтыр Кореяда он бір мыңдай отандасымыз болыпты.



sputniknews.kz