Оңтүстік Кореядағы қазақстандық мигранттар қанша жалақы алатынын айтты
Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін қазақстандықтар «За нами уже выехали» Youtube арнасына берен сұхбатында қанша ақша табатынын айтты.
Кореяның көші-қон қызметінің мәліметтері бойынша, 2020 жылдың күзінде Оңтүстік Кореяда 29 800 қазақстандық жүр. Олардың қатарында тұруға ықтиярхаты барлар да, туристік визамен келгендер де бар. Бұл елде 10 мыңға жуық қазақстандық заңсыз жүр.
Ай сайын Оңтүстік Кореядан Қазақстанға аударымдар 3,9 млрд. теңге көлемінде аударым жүзеге асырылады.
Оңтүстік Кореяға жетудің және онда ұзақ уақыт қалудың көптеген схемалары бар. Көбіне қазақстандықтар туристер ретінде шақырып, көші-қон полициясынан жасырынып қалады.
Жұмысқа баратындардың арасында жоғары білімділер мен мамандар көп — олар пияз егеді, көшелерді тазартады, зауыттарда жұмыс істейді. Сонымен бірге олар үйдегіден бірнеше есе көп ақша табады. Оңтүстік Кореядағы шартты жалақы күніне 80-170 долларды құрайды. Жұмыс қаншалықты қиын болса, соғұрлым көп ақша аласыз.
«Орташа есеппен менің айлық жалақым шамамен үш мың долларды құрайды. Оның бір мың долларын мен жатақханаға, тамақтануға, спорттық клубтарға, ойын-сауыққа жұмсаймын …» — деп мойындады ролик кейіпкерлерінің бірі, Қазақстанда заңгер болып жұмыс істеген азамат.