Оңтүстік Кореяда жүздеген адамдар бетперде алу үшін кезекке тұруда — Қазақстан жаңалықтары

0

Жүздеген оңтүстік кореялықтар елдегі коронавирустық індеттің эпицентріне айналған Тэгу қаласында бетперде алу үшін ұзын-сонар кезекте тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Індетті жұқтырғандар саны бойынша Оңтүстік Корея Қытайдан кейін екінші орында тұр.

22 ақпанда билік 229 жаңа инфекция туралы жариялады, ал коронавируспен ауыратындардың жалпы саны 433-ке жетті.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ким Ган Нип вирустың таралуы «ауыр деңгейге жетті» деп мәлімдеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша аурудың 1200-ден астам жағдайы Қытайдан тыс 26 елде тіркелген.

stan.kz